"Светоч" балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған Ашық есік күні

25.09.2013

Бүгін, 25 қыркүйекте "Сарыарқа" велотрек әкімшілігі кешеннің жақсы дәстүрін жалғастыра отырып, "Светоч" балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көптеген жағымды эмоциялар дайындады.

Республикалық велотректе Ашық есік күнін өткізу аясында балалар "көңілді старттар" эстафетасына қатысып, велотректің фитнес-орталығының бассейнінде пайдалы демалып, кешеннің мейрамханасында дәмді тағамдар жеді.

Жас спортшыларды марапаттауға "Көңілді старттар" бойынша ұзақ жарыстардан кейін ауыр атлетикадан Әлем чемпионы атақты спортшы Владимир Седов келді.

"Сізге зор денсаулық, амандық тілеймін. Белсенді өмір салтын ұстаныңыз, табандылық танытыңыз, мақсаттарыңызға ұмтылыңыз", - деді Владимир Седов.

Өз кезегінде, "Светоч" балалар үйінің директоры Лилия Бенджаминовна "Сарыарқа"республикалық велотрегі басшылығына алғысын білдірді:

"Мен қуанып қана қоймай, кешен басшылығына әрқашан жылы қабылдаулары мен сыйлықтары үшін өте ризамын. Біздің балалар бір жерде назардан тыс қалып, осындай ортаға түсіп, тірі қалады, олардың көздері өмірге толады. Біздің одан әрі тығыз ынтымақтастығымызға үміттенеміз. Біз Сізді және біздің қонақты көргенімізге әрқашан қуаныштымыз".

"Сарыарқа "республикалық велотрегінің баспасөз қызметі

Бөлісу: