«Сарыарқа» республикалық велотрегінде ашық есік күні өтті.

14.03.2013

14 наурызда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде балалар үйлері мен мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің тәрбиеленушілері үшін кезекті Ашық есік күні өтті. Шара аясында велотрег әкімшілігі шара қонақтары үшін бірқатар жарыстар өткізді.

Коррекциялық мектеп-интернаты мен Балалар психологиялық медициналық әлеуметтік мекемесінің (ДПММУ) оқушылары шағын футбол және үстел теннисі бойынша жарыстарға қатысты. «Тәуелсіз өмір «Дос» қоғамдық бірлестігі мен «Мүгедектердің жастар бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері тоғызқұмалақтан, үстел теннисінен, жүзуден жарысқа түсті.

Жарыс соңында қонақтарға жүлделі орындарға сертификаттар мен сыйлықтарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Жарыс жеңімпаздарын қазақстандық Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина мен республикалық «Сарыарқа» велотрегінің директоры Қали Әбішев марапаттады. Сондай-ақ, велотрегінің әкімшілігі Наурыз мерекесі қарсаңында келген әрбір адамға естелік сыйлықтар табыс етті.

Абдумамынов Мұрат, «Мүгедектердің жастар қауымдастығы» ҚБ төрағасы

- Бұл шараға қатысу құрметіне ие болғанымызға өте қуаныштымын. Бәсекелестіктің бұл түрі бір-бірімізді жақындатуға және белгілі бір жағынан халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді. Біз мүмкіндігі шектеулі жандар осындай үлгі көрсетсек, біздің идеямызды басқа адамдар, ең алдымен жас ұрпақ ұстануы керек.

«Сарыарқа» велотрегінің баспасөз қызметі
Сейталиева Анара

Бөлісу: