Велоспорт күні!

31.05.2019

Дүние жүзінде велосипед спортының туған күні болып 1868 жылғы 31 мамыр есептеледі, бұл күні Париж маңындағы Сен-Клу қалашығында 2000 метрге алғашқы велосайыс өткізілген. Сайыстың жеңімпазы ағылшын Дж.Мур болды. Ол уақытта велосипедтердің дөңгелектерінің өлшемдері әр түрлі болған  (оларды «биік» деп аталған) және пневматикалық шиналардың  пайда болуына әлі 15 жылдан артық уақыт бар болған. Дегенмен де, сайыстардың қатысушылардың көңілінен шыққаны соншалық, келесі жылы 120 шақырымға Париж-Руан халықаралық тасжолдағы велосайысы өткізілді, мұнда да жеңіске қайтадан Дж.Мур жеткен. Сондай-ақ, сайысқа екі әйел адам қатысқан. 1875 жылы «биік» велосипедтер үшін жылдамдықтың әлемдік– 34 км/сағат рекордына қол жеткізу мүмкін болған. Бір жыл уақыт өткеннен кейін 1 сағат ішінде 25,508 км қашықтыққа жүру арқылы алғашқы әлемдік бейресми рекорд жасалған. Осы спорт түріндегі ресми рекордқа  1893 жылы француздық Дегранж қол жеткізген, көрсеткіш 32,325 км құраған.

Одан бері 100 жылдан артық уақыт өтті: спортшылар кәсіпқойлар және әуесқойлар болып бөлінді, бірнеше әлемдік рекордтар әлдеқашан жасалып қойылды, велосипедтер барлық мүмкін құрылғылармен жасақталып, әр түрлі трюктер жасау мүмкін болды. Алайда, велосипедке және аталған спорт түріне қызығушылық азайған жоқ.

Бүгінгі таңда кез келген спортшы қатысуға талпынатын ең беделді велосипед сайысы 1903 жылдан бастап өтіп келе жатқан «Тур де Франс» болып табылады.

Велоспорт қол жетімділігімен және қарқындылығымен тартымды болып табылады. Бұл ең экологиялық таза, денсаулыққа пайдалы және қызықты спорт түрі болып табылады.

«Сарыарқа» велотрегінде барлық қатысуға ниеттілерге велоспорттан секция ашылғанын естеріңізге саламыз.

Дерек көзі: www.calend.ru

Бөлісу: