Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауы талқыланбақ

05.10.2018

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Маңызды құжатта еліміздің дамуына қатысты бірқатар келелі мәселелер көрсетілген.

 Осыған орай  6 қазан күні сағат 10:00-де «Сарыарқа» республикалық велотрегінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикасын арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Жолдау талқыланбақ.

Аталмыш жиынға «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры Бауыржан Өмірсерікұлы Мұқашев, Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының директоры Мыхыбаев Абзал Тұңғатарұлы және кәсіпорын қызметкерлері қатысады. 

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығының баспасөз қызметі

Бөлісу: