Eros Ramazzotti – белгілі итальяндық әнші және композитор концертін "Сарыарка" велотрегінде береді

18.08.2017

2017 ж. тамыз айының 19 күні сағат 20.00 итальяндық әнші және композитор Eros Ramazzotti концерті "Сарыарка" республикалық велотрегінде өтеді.

 Экспо-2017 арқасында қазақстандықтар үшін көптеген әйгілі әңшілердің концерттері өтуде, сондай-ақ шетелдік Eros Ramazzotti сынды әншілердің жанды дауыстағы әндерін тыңдау мүмкіндігін алды. 

Өзінің 25 жылдық шығармашылық өмірінде италияндық әнші және композитор Эрос 100 миллион көшірмесі сатылған 11 альбомды жарыққа шығарды.  Өте сирек кездесетін биік дауысымен итальяндық әнші ерекше жетістікке жетті.Әнші тек Еуропаның ағылшын тілді елдерінде ғана емес, испан тілі елдерінде де өте танымал, ән альбомдарының біразы италья және испан тілдерінде жарыққа шыққан.

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі


Бөлісу: