Жыл сайын өтетін турнир «Қазақстан – спорттық ел!»

05.10.2017

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортпен шұғылдануға тарту туралы жолдауын іске асыру мақсатында 2017 жыл 30 қыркүйекте «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы Төрағасының кубогы үшін шағын футбол, волейбол, үстел тенисі және шахмат спорт түрлерінен «Қазақстан – спорттық ел!» атты турнир өткізілді.

Спорттық шараға 29 команда қатысты. Іс-шараға 1000 астам адам келді. Жарыс барысында партияластар спорттық бәсекелестік рухы мен қызығушылық, өзара ынтымақтастықты көрсетті.

Жарыстың құрметті қонақтары болып: Рио-2016 олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері боксшы - Василий Левит, палуан - Гюзал Манюрова, қазақстандық шахматшы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Садуақасова, Қорғаныс және Аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі жауапты хатшылары - Ахметжанов Ануар Мұратұлы, Көшербаев Ермек Беделбайұлы, Уалиев Қуатжан Серікқазыұлы, ҚР Президент Әкімшілігі Жалпы бөлім меңгерушісі Жақыпов Мейірболат Хабиұлы, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, әнші Жорабаева Алтынай Құлажанқызы.

«Бірлік» филиалы Төрағасының кубогы үшін болған жарыста жалпы командалық орындарды келесі бастауыш партия ұйымдары алды:

шағын футболдан:

1 орын - «Тұңғыш» БПҰ оның ішінде Тұңғыш Президент Қоры;

2 орын - «Салауатты өмір» БПҰ (ҚР ДСМ);

3 орын - ҚР ПІБ МТҚБ құрамасы (материлды-техникалық қамтамасыз ету басқармасы - «ДАЗ ХОЗУ» БПҰ, «Инженерлік орталық» БПҰ, «Көлік қызметі шаруашылығы» БПҰ).

волейболдан:

1 орын - «ДАЗ» БПҰ (ҚР ПІБ «ДАЗ»РМК);

2 орын - ҚР ПІБ МТҚБ құрамасы;

3 орын - «Самғау» БПҰ (ПӘ, ҚР Президенті ТРК, ҚР ОСК).

үстел тенисінен:

1 орын - «Қаржыгер» БПҰ (ҚР ҚМ);

2 орын - «Қалқан» БПҰ (ҚР ҚАӨМ);

3 орын - «Самғау» БПҰ.

Жалпыкомандалық (алған орындар негізінде):

1 орын - «Самғау» БПҰ;

2 орын - ҚР ПІБ МТҚБ құрамасы;

3 орын - «ДАЗ» БПҰ.

Турнирдің үздік ойыншылары болып:

шағын футболдан: Садыкбек Дидар «Тұңғыш» БПҰ оның ішінде Тұңғыш Президент Қоры;

волейболдан: ерлер арасында - Есіркепов Али «ДАЗ» БПҰ, қыздар арасында - Нұрлыбекова Гүлзат «Білім ордасы» БПҰ, «Академия правосудия» партиялық тобы;

үстел тенисінен: ерлер арасында - Сурков Андрей «Қалқан» БПҰ, қыздар арасында - Чолтынова Айнаш «Шаңырақ» БПҰ.

Турнирдің барлық қатысушылары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтар мен медалдармен марапатталды.

Дереккөз: «НұрОтан» партиясының «Бірлік» филиалы

Бөлісу: