РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕЛОСПОРТ ФЕДЕРАЦИЯЛАРЫ ҚЫЗМЕТТЕСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

11.03.2015

Бүгін Астанада Қазақстан мен Ресей Велоспорт федерацияларының президенттері  Дархан ҚАЛЕТАЕВ пен Игорь МАКАРОВ ұлттық және халықаралық деңгейде велосипед спортының даму ісіндегі қызметтестік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум мақсаты – кәсіби велосипед спортының барлық түрлерін дамыту мен дәріптеу, ортақ спорт іс-шараларын өткізу және көпшілік спорттың дамуына септігін тигізу. 

Қызметтестік шенінде  бапкерлер мен спорт менеджерлері, спортшылар үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылатын болады, спорт-оқыту мекемелері мен оқыту орталықтарының мәліметтер базасы қалыптастырылып, ортақ сараптама топтары құрылды.  

Спортшылар, бапкерлер мен төрешілер Ресей мен Қазақстанның ұлттық спорт жарыстарына қатыса алады, солайша өздерінің кәсіби біліктіліктерін көтере алады.   Допингті қолданумен күресу бойынша ақпаратпен, бағдарламалар мен басқа да материалдармен алмасу саласындағы қызметтестікке ерекше назар аудару көзделген.

Дархан ҚАЛЕТАЕВ, Қазақстан велосипед спорты федерациясының президенті: "Біз үшін ресей велоспорт федерациясымен қызметтестік – бұл стратегиялық әріптестік.  Біздің елдер – әйгілі кеңес спорты дәстүрлерінің мұрагерлері, біздің ортағымыз көп – ортақ қамымыз, солайша талантты спортшыларды тәрбиелеудегі жалпы тәсілдеріміз. Ортақ жобалар Ресей мен Қазақстанда велоспорт дамуының шапшаңдатқышы болар деген сенімдемін."

ҚВСФ баспасөз кеңсесі

Бөлісу: