Қазақстан халықтары Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің фестивалі

02.12.2016

Астанада 2016 жылғы 9 желтоқсанда Республикалық велотрек спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Бейбітшілік пен келісімге 25 жыл" атты Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің фестивалі өтеді.

Фестивальде Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мың бала" және "мейірімділік керуені" жалпы республикалық жобаларының қорытындысы шығарылады, театрлық, вокалдық-хореографиялық қойылымдар мен композициялар, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген этномәдени бірлестіктердің әуесқой және кәсіби ұжымдарының музыкалық-аспаптық увертюралары, спортшылардың көрме қойылымдары ұсынылады.

Іс-шараға Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, барлық өңірлерден республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, шығармашылық ұжымдар, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, студент жастар мен БАҚ, барлығы қатысады 10 000-нан астам адам. 

www.bnews.kz

Бөлісу: