Алексей Ягудин жас спортшыларға шеберлік сағатын өткізді

29.10.2019

29 қазан күні «Сарыарқа» велотрегінің мұз айдынында әйгілі ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Алексей Ягудиннің қатысуымен "inSkate" Күзгі демалыс" атты мәнерлеп сырғанау жиындары өтті.

Шеберлік сағаты барысында танымал спортшы өзінің дағдыларымен бөлісіп, журналистердің сұрақтарына да жауап берді.

Алексей Ягудинмен бірге #inSkate инновациялық спорттық-әдістемелік жобасының бірлескен негізін қалаушы Алексей Моторин және мәнерлеп сырғанаудан ресейлік спорт шебері, жаттықтырушы және сырғанау техникасының маманы Антон Юрьевич те келген еді.

Шеберлік сағаты соңында барлық қатысушылар мен қонақтар автограф алып, естелікке суретке түсті.

Бөлісу: