Баскетболдан ҚР «Төрттік финал» чемпионаты

21.04.2017

ВТБ Бірыңғай Лигасының ретті чемпионатындағы соңғы үйдегі ойынынан кейін , астаналық баскетболшыларға демалуға уақыт жоқ. Алда ВТБ Лигасындағы плей-офф ойындарының сериясы, сондай-ақ, баскетболдан Қазақстанның «төрттік финал» чемпионаты. 

Бастапқы кезекте ұлттық чемпионат. Осы демалыстың өзінде, 21 және 23-сәуірде «Астананың» паркетінде еліміздің үздік клубы атағына басты шайқастар өтеді. «Төрттік финалын» өткізу ережелеріне сәйкес, «А» Жоғарғы лигасының жеңімпаз командасы, осы атаққа ие болған қостанайлық «Тобол» да, Ұлттық лигасының жүлделі орындарына және алтын медальдарына бәсекеге түсе алады.  

Осылай, ойын кестесі төмендегідей үлестірілді: 

1/2 финал — 21-сәуір: 
16:45: « Атырау барыстары» — «Каспий» 
19:00: «Астана» — «Тобол» 
Финал — 23 -сәуір: 
14:45: 3-орынға матч 
17:00:1-орынға матч 
Төрттік финалының қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатының жүлдегерлерін және жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Ойындар «Сарыарқа» республикалық велотрек залында өтетіндігін естеріңізге саламыз. Матчқа кіру тегін.


www.pbcastana.kz


Бөлісу: