Заманауи бессайыстың UIPM – 2018 әлемдік кубогының ақтық мәресі

19.06.2018

Іс-шара астананың 20-жылдық мерейтойына ұштастырылып отыр деп Казинформ хабарлайды. 21 мен 24 маусым аралығында «Сарыарқа» велотрегінде семсершілер   бас жүлде үшін таласса, «Барыс арена» спорт кешенінің жүзу бассейні жүзушілерді қарсы алады, ал «Қазанат» ипподромында салт жүріс кәсіпқойлары мен лазерран (атыспен біріктірілген жүгіру) өз өнерлерін көрсетеді.

Әлемдік кубоктың ақтық мәресіне халықаралық рейтингкке енген еркектер арасындағы 36 және әйелдер арасындағы 36 ең мықты спортшылар іріктелініп алынды. 25 елден аса шет ел қонақтарының келуі жоспарлануда,

Қазіргі уақытта заманауи бессайыстан Қазақстан құрама командасының иелігінде заманауи бессайыстан Азия чемпионатынан алтын медаль, юниорлар арасындағы әлем чемпионатынан күміс, UIPM әлемдік кубогының ақтық мәресінен қола және Азия чемпионатынан күміс жүлде бар.

Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінен ұлттық құрама командасының мүшелері заманауи бессайыстан бірнеше дүркін рет халықаралық, элиталы жарыстардың жеңімпаздары атанды:1982 жылы Римде (Италия) өткен әлем чемпионатының командалық есебінде алтын алқа, 1996 жылы Римде(Италия) әлем чемпионатынан алтын жүлде иегерлері атанды.

1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында Александр Парыгиннің алтын медалі Қазақстанның заманауи бессайыстан ең үлкен жетісіктерінің бірі болып табылады.

Заманауи бессайыс- заманауи олимпиаданың негізін салушы Барон Пьер де Кубертеннің арнайы Олимпиада ойындарының бағдарламасына құрастырылған жалғыз ғана түрі.

1912 жылдан бастап П.де Кубертенның бастамасымен өзі құрастырған офицерлік бессайыс кешені Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді.

Заманауи бессайыс- бұл 5 тәртіптен: семсермен семсеру,жүзу, аттық спорт-конкур(кедергілерден өту),лазерран (лазерлі тапаншамен ату біріктірілген жүгіру) тұратын спорттық көпсайыс.

Ақпарат көзі: www.24.kz.

Бөлісу: