Қазіргі бессайыстан UIPM - 2018 Әлем Кубогының финалы

12.06.2018

Іс-шара Елорданың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 21-24 маусым аралығында семсерлесушілер "Сарыарқа" велотрегі базасында трофей үшін күреседі, "Барыс Арена" спорт кешенінің жүзу бассейні жүзушілерді қабылдайды, "Қазанат" ипподромында - атқа міну кәсіпқойлары мен лазерран (атыспен біріктірілген жүгіру) өз шеберліктерін көрсетеді.

Әлем Кубогының финалына ерлер арасында 36, әйелдер арасында 36 ең мықты халықаралық рейтингке енген мықты спортшылар іріктелді. Әлемнің 25-тен астам елінен шетелдік қонақтардың келуі жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қазіргі бессайыстан құрама командасы мүшелерінің қолында Қазіргі бессайыстан Азия чемпионатының алтын медалі, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс медалі, UIPM әлем Кубогының финалының қоласы, Азия чемпионатының күмісі бар. Егемен Қазақстан кезеңінде қазіргі бессайыстан ұлттық құраманың мүшелері бірнеше рет элиталық халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды: 1982 жылғы Римдегі (Италия) әлем чемпионатының командалық есебіндегі алтын медаль, 1996 жылғы Римдегі (Италия) әлем чемпионатының алтын медалі. Қазақстанның қазіргі бессайысындағы ең "жетістігі-1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарында Александр Парыгиннің алтын медалі.

Қазіргі бессайыс-қазіргі Олимпиада ойындарының негізін қалаушы барон Пьер де Кубертеннің Олимпиада бағдарламасына арнайы әзірленген жалғыз түрі. 1912 жылдан бастап П. де Кубертеннің бастамасымен ол әзірлеген офицерлік бессайыс кешені Олимпиада бағдарламасына енгізілді. Қазіргі бессайыс — бұл 5 пәннен тұратын спорттық көпсайыс: қылышпен семсерлесу, жүзу, ат спорты-секіру (кедергілерді еңсеру), лазерран (лазерлік мылтықпен атумен біріктірілген жүгіру).
Дереккөз: www.24.kz


Бөлісу: