«Сарыарқа» фитнес-орталығы жұмысын бастайды

20.08.2020

Құрметті, клиенттер! «Сарыарқа» фитнес-орталығы 24-ші тамызда жұмысын бастайды. Біраз үзілістен кейін қайта  ашылатынымызды және Сізді асыға күтетінімізді хабарлаймыз!

Ескеру керек.

  • Фитнес-орталықтың жұмыс уақыты:
    • Дүйсенбі-жұма - 7.00-17.00 (кіру 16.00 дейін).
    • Сенбі-жексенбі – жұмыс жасамайды.
  • Абонемент жарамдылығы сақталады. Яғни, 24-ші тамыздан бастап фитнес-орталыққа келе алмайтындар үшін ол автоматты түрде ұзартылады.
  • Қалалық бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бассейндер жұмыс жасамайды.
Фитнес-орталықтың тәртібі:
  • Маска міндетті түрде болу керек. Жаттығу жасау кезінде ғана оны кимеуге болады. Ал, қалған уақытта бетпердені қолдану қажет.
  • Фитнес-орталыққа кірерде дене қызуын өлшеу және қолды антисептикпен жуу қажет. 
  • 2 метр арақашықтықты сақтау қажет.

Фитнес-орталықтың талаптарына түсіністікпен қарайсыз деген үміттеміз. 

Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы,  45а.

Бөлісу: