Аңызға айналған қазақстандық Геннадий Головкинмен күрес

06.06.2019

боксшы Стив Роллспен жекпе-жегі 8 маусымда (Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусымда таңертең) Madison Square Garden аренасында өтеді. Геннадий Геннадьевич Головкин – Қазақстан халқының мақтанышы, орта салмақ санатындағы кәсіби боксшы. Ол әуесқойлар арасында әлем чемпионы (2003), Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2004), WBA (2010—2018), IBF (2015—2018), WBC (2016—2018), IBO (2011—2018), The Ring (2018—2018) нұсқалары бойынша әлем чемпионы. 

The Ring журналының нұсқасы бойынша (2017 жылғы 27 қыркүйек) салмақ санатына тәуелсіз үздік боксшы. WBA және WBC нұсқалары бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы. Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы: Қазақстанның 7 мәрте чемпионы, 2000 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, 2001 жылғы Қазақстан Республикасының бірінші Спартакиадасының жеңімпазы, ІІІ Шығыс Азия ойындарының жеңімпазы (2001). 

Біздің чемпион Геннадий Головкинге қолдау көрсетіп, алдағы жекпе-жекте жеңіс тілейміз! Әрбір ниетті адам бізге қосылып, әлеуметтік желілерге пост #GGG_Алға хештегімен пост сала алады.

Бөлісу: