"Үздік велошабандоз" аталымы үшін дауыс беру

20.04.2020

Тректегі, шосседегі және қыздар арасындағы велошабандоздар арасындағы "Үздік велошабандоз" аталымы үшін дауыс берудің басталатынын хабарлаймыз!

Дауыс беру бірнеше кезеңнен тұрады (1/8, 1/4, жартылай финал және финал).

Дауыс беру өтетін уақыт:

  • Шоссе бойынша: 21-24 сәуір аралығында;
  • Қыздар арасында: 25-28 сәуір аралығында;
  • Трек бойынша: 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында.

Сіз өз даусыңызды @velotreksaryarka истаграм-парақшасында бере аласыз. Дауыс беру күнделікті, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.00 мен келесі күннің 13.00 аралығында жүреді. 

Біздің спортшыларымыз - жыл сайынғы республикалық және әлемдік деңгейдегі сайыстардың жүлдегерлері. Қанжығаға түскен әрбір медаль тек жаттықтырушы құрамның ғана емес, спортшылардың да еңбектерінің жемісі. Біз сіздердің әрбіріңізді мақтаныш тұтамыз! Сіздер еліміздегі спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрсіздер!

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Біздің спортшыларды қолдауға шақырамыз!

Бөлісу: