ІІ «Олимиадалық үміт» жарысы – 2018 жыл

15.09.2018

2018 жылдың 15 қыркүйегінде «Сарыарқа» республикалық спорт кешенінде мектепке дейінгі балалар арасында ІІ «Олимиадалық үміт» жарысы жоғары деңгейде өтті. Аталмыш шараға Астана қаласының 250-ге жуық бүлдіршіндері қатысты. 

Шараның ашылу салтанатында «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры Мұқашев Бауыржан Өмірсерікұлы баршаға жүрекжарды лебізін арнады. Шараны ұйымдастыруға үн қосқан жандарға, демеушілерге, балабақша ұжымына, ата-аналарға, меймандарға шексіз алғысын білдірді. 

Бағдарлама бойынша 100 метр қашықтықтағы велосипед жарысы, аниматорлардың ойын-сауық бағдарламасы, шеберлік сыныбы, сыйлықтар, «Сарыарқа» велотрегі мен демеушілер ұсынған ұтыс ойындарының сыйлығы баршаның көңілінен шықты. Әсіресе, «Жұлдыз» көркем гимнастика мен беговела мектебінің және таеквондоның тәрбиеленушілері көрермендерге өз өнерлерін көрсетті. 

4 санат бойынша 4-5 жастағы ұлдар мен қыздар өзара бақ сынасты. Жеңіске деген жігерлігі мен спортқа деген қарым-қабілеті арқасында өрендеріміз қарсыластарына дес бермей, жеңісті тұғырдан көрінді. Нәтижесінде жас спортшыларымыз жүлдегер атанды. Олар: 

Ұлдар арасындағы 5 жас бойынша: 
1 орын – Абдрахман Жораев; 
2 орын – Бекзат Нұрислам; 
3 орын – Абсамат Хамза. 

Қыздар арасындағы 5 жас бойынша: 
1 орын – Амина Истаулетова; 
2 орын – Жансулу Жаманбаева; 
3 орын – Жанель Аллаберген. 

Ұлдар арасындағы 6 жас бойынша: 
1 орын – Нурали Имангалиева; 
2 орын – Арнұр Лес; 
3 орын – Арнур Карибаев 

Қыздар арасындағы 6 жас бойынша: 
1 орын – Таисия Кучерова; 
2 орын – Диана Шонова; 
3 орын – Приходько Маргарита. 

Жеңімпаздар бізідің орталықтың және демеушілердің атынан мадақтамамен, медальмен, кубокпен, бағалы сыйлықтармен көтермеленді. Барлық қатысушыларға шараға белсене қатысқаны үшін сертификат табысталды. 

Сондай-ақ, жарыстың тиісті деңгейде өтуіне септігін тигізген және қолдау көрсеткен демеушілер де баршылық. 
Олар: «Velofrends» қоғамдық қоры, «ВелоЦентрАстана» мектебі, «Glad Kids» оқыту орталығы, «Strider School Astana» велосипед мектебі, «Winner» спорт дүкені. Кеш соңында турнирге белсене қатысқан мектепке дейінгі мекеменің қызметкерлері, ата-аналар мен меймандар ерекше көңіл-күймен тарасты. Ендеше балдырғандардың бақытты жүзін көру біздер үшін зор қуаныш. 

«Олимпиадалық үміт» жарысы жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.

Толық суреттерді төмендегі сілтемеден көре аласыздар:
https://cloud.mail.ru/public/5Wge/D54jVYGNG

Бөлісу: