Тағы да жеңіс! «Астана» - «Қапшағай» 88:64

30.10.2014

Ұлттық Лиганың ерлер командалары арасындағы баскетбол бойынша Қазақстан чемпионаты ойындарының сериясы аяқталды. «Астана» баскетбольный клубы өз аренасында Талдықорғаннан  «Қапшағай» командасын қабылдады.

Бірінші ойын күні 91:62 (23:14, 21:18, 32:14, 15:16) есебімен астана командасының пайдасына аяқталды.

Екінші ойын күні 88:64 (17:12, 27:18, 21:17, 23:17) ірі есеппен  «Астана »БК пайдасына аяқталды.

Матч статистика: Рашид Махалбашич және Джейкован Браун 19 ұпайдан, Джерри Джонсон - 13 ұпай, Патрик Калатес - 11 ұпай және Максим Марчук - 6.

Матчты бас бапкер көмекшісі Стребков Виталий Владимирович түсіндірді:

- Менің ойымша, ойын сапасы қанағанттанарлық болды. Команда ниеті жеңу болды. Ойын жүйесі ауырлау болды, өйткені командалар екі күн қатарынан ойнауда. Ең бастысы біз жеңімпазбыз және «Нижний Новгородпен»  ойынға дайындалудамыз.

Келесі матчты  «Астана» баскетболистері  ВТБ Бірыңғай Лигасы шеңберінде осы жексенбіде, 2 қарашада 19.30-да өткізеді. «Астана» БК қарсыласы «Нижний Новгород» БК командасы.

www.bcastana.kz

Бөлісу: