III Халықаралық Фитнес Конвенциясы

27.03.2017

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-да «III Халықаралық Фитнес конвенциясы» ауқымды шарасы өткізіледі. Конвенция «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық ғылыми-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК-ның және Қазақстан Республикасының Медициналық профилактикалық ғылыми мектебінің ,Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен «KazFitnessAcademy» фитнес мектебімен ұйымдастырылды.

Фитнес конвенциясының мақсаты: қазақстандық фитнес нұсқаушыларының кәсібилігін арттыру, қазақстандық фитнес индустрияны дамыту, әлемдік фитнес мектептерінен фитнес ғылымдарындағы жаңа әдістемелер туралы білімдерін енгізу, Қазақстанда оңалту фитнесін дамыту, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау,фитнес жаттықтырушы мамандығымен жастарды таныстыру және қатыстыру, фитнес индустриядағы білім жүйесін дамыту.

Шараның мәні: екі тақырыптық алаңқайда- екі спорт залында тек қана отандастық фитнес жұлдыздарынан ғана емес, сонымен қатар арнайы шақырылған шетелдік баяндамашылардан жаңа маңызды бағыттарда шеберлік сабақтары өтеді.

Қатысушылар: белсенді өмір және фитнес әуесқойлары, кәсіби және бастаушы фитнес-нұсқаушылары, бұрынғы спортсмендер және өз қызметін фитнеспен байланыстырғысы келетін адамдар. Қатысушылар тек қана астаналық тұрғындар ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның барлық қалаларынан спорт және фитнес әуесқойлары, бұл өз қызығушылықтары бойынша пікірлестерімен сөз алысып және жаңа достарды табудың бірден-бір мүмкіндігі.

Өткізілетін орны: Республикалық Велотрек, 2 сәуір, уақыты 10.00 – 18.00.

Mindfitness&Aqua CONVENTION Astana 2017 конвенциясы – кәсіби, пікірлес және фитнес әуесқойларын біріктіретін, білім және тәжірибенің бірегей алаңқайы.

Өткен конвенцияларға қарағанда осы конвенцияның жаңа тақырыбы Оңалту фитнесі – заманауи фитнес-индустрияның бағыты. Заманауи фитнес-нұсқаушысында жаттығушы адамдарға дұрыс жаттықтыру үрдісін құру үшін оңалту фитнес-әдістемелерінің білімінде қажеттілік туындайды.

Наурыз айының 29-нан бес күндік пре-конвенциялық білім бағдарламасы басталады, оның ішіне төмендегілер кіреді: Фитнес-әдістемелік, тамақтану, майды жағу, дұрыс мүсін тақырыптары ж.т.б. бойынша тегін дәріс; бассейнде және залда фитнес оңалту семинарлары және воркшоптары,миофасциалды қалпына келтіру жұмысы, топтық бағдарлама залдарында және бассейнде шеберлік сабақтары.

Маңыздылығы және өзектілігі:

* Осы заманғы өмірдегі фитнес индустрия – белсенді өмірге адамдар талпынысын дамытатын, қоғамдағы өркениет сырқатының алдын-алудың басты құралы. Бірақ, қазақстандық фитнес нұсқаушылардың кәсіби деңгейі жеткіліксіз және олардың басым бөлігі –

ғаламтордан өздігінен білім алған адамдар немесе спортшылар. Сондықтан фитнес- нұсқаушылардың білімге қызығушылығын арттыру және олар дамуда өрлеу үшін Фитнес Конвенция сияқты шаралар қажет. Олар әлемдегі ірі фитнес институттарымен жетілдірілетін, фитнес әдістемелерінің жаңа технологияларын және білімдерін баяндайды.

* Осыған ұқсас шаралар әлемнің барлық елдерінде жүйелі түрде өткізіледі, бұл олардың фитнес- индустриясы дамығандығының көрсеткіші. Осы конвенция біздің қазақстандық фитнес- индустриясының әлемдік бәсеке қабілетті жаңа деңгейге шығуын белгілейді!

* Шеберлік сабақтарынан басқа фитнес- жабдығымен, салауатты және спорттық тамақтанумен, фитнес және спорттық киіммен ж.т.б. көрме зонасы ұйымдастырылады.

* Осындай шаралар бұрынғы және қазіргі спортшыларға олардың келешекте фитнесте кәсіби іске асырыла алатындығын, жақсы табыс тауып және болашақта мансап құра алатындығын көрсетеді! Бұл жастардың жұмысқа орналасуына, олардың спорт қызметіне екінші екпін береді.

Бұл шараға спортпен әуестенетін балалар үйлерінің жас студент-түлектері шақырылды. Олар фитнес конвенцияға тегін қатысады. Іс-шарада осы салаға қызығушылық танытқандарға, топтық бағдарламаларда аэробика немесе жаттығу залының нұсқаушысы мамандығын алу үшін KazFitnessAcademy-да оқу курстарын тегін өтуге мүмкіндігін ұсынамыз. Осылай, олар заман талабына сай және еңбек ақысы жақсы төленетін мамандықты алып,қабілеттіліктерін спортта қолданып, өз орындарын таба алады.

Фитнес конвенциясы міндеттерінің әлеуметтік маңыздылығын және өзектілігін ескере отырып, Қазақстан халқы біздің фитнес индустриямыздың кәсібилігіне, сарапшылығына және әлемдік аренадағы даму болашағын бағалауға мүмкіндігі болу үшін осы шараны баяндауға телеарналарды, радио және баспаларды шақырамыз.

«KazFitnessAcademy» жетекшісі МукантаеваДиляра

Телефон 87015373070, www.fitness-convention.kz

Бөлісу: