Ақпараттық кітапша

20.10.2016

Ақпараттық кітапша «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының негізгі ережелері

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (әрі қарай – ӘҚБтК) құқық қорғау қызметі ретінде және құқық қорғаушылық ретінде де маңызды қызмет атқарады. Бір жағынан ӘҚБтК қылмыстық құқық бұзушылыққа қарағанда қоғамға қауіптілік деңгейі бойынша әлдеқайда төмен құқық бұзушылықтарға мемлекеттің жедел әрекет етуіне мүмкіндік беретін қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғаудың негізгі құралы болып табылады. Еінші жағынан, ӘҚБтК мемлекеттік органдардың заңсыз іс-әрекетін тоқтатуға, әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өндірісті іске асыру барысында мемлекеттік органдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне дауласу арқылы жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген ӘҚБтК біздің көзқарасымыз бойынша толық көлемде жоғарыда көрсетілген тапсырмаларға, сонымен қатар оларға қойылған талаптарға сәйкес келеді. Президент Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында қазіргі таңда құрылған жұмыс тобы аясында Әділет министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың тиімділігін арттыру мәселелерін пысықтауда. Аталған жұмыстың қорытындысы бойынша әкімшілік- деликтілік заңнаманы жетілдіру және құқық қолдану тәжірибесінде туындаған жеке мәселелерді шешуге бағытталған заң жобасы дайындалады.

Заң жобасымен келесі міндеттерді шешу жоспарлануда:  әкімшілік-деликтілік заңнаманы одан әрі ізгілендіру;  әкімшілік-процессуалдық нормаларды жүйелеу;  жекелеген әкімшілік-құқықтық және процессуалдық институттарды жетілдіру.

Заң жобасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру келесі жолдармен жүргізіледі:  қысқартылған іс жүргізуді қолдану саласын кеңейту (автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдар мен аспаптармен тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша; қысқартылған өндіріске түскен субъектілер тізбесін кеңейту бойынша, баптың санкциясында айыппұлмен қатар ескерту жаза шарасы қарастырылған болса);  судьяға, органға (лауазымды тұлғаға) жеңілдедетін мән-жайларды анықтау барысында мүмкіндік беретін нормаларды қолдану, оның ішінде заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұлдың сомасы жалпы сомадан 30 % дейін қысқарту;  әкімшілік айыппұлдар мөлшерін төмендету, сонымен қатар жаңа айыппұлдар белгілеуге немесе қолданыстағы айыппұлдарды күшейтуге уақытша мораторий енгізу туралы мәселені пысықтау;  жеке әкімшілік құрамының санкцясында жаза түрлерін оларды ізгілендіру пайдасына қайта қарау;  тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды жою кезінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын мерзімінен бұрын қайта бастау тәртібін регламенттеу;  Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің аналогы бойынша әкімшілік-деликтілік заңнаманың аясында кезекші судьяларды енгізу туралы мәселені қарастыру;  Азаматтық іс-жүргізу кодексі және Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің анологы бойынша кассациялық тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаға, жәбірленушіге немесе олардың заңды өкілдеріне шағым жасау құқығын бере отырып, актілерді қайта қарауға бастамашылық ететін адамдар тобын кеңейту;  сотқа шағым жасауға балама құқықты жоя отырып, бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды инстанциялар бойынша қайта қарау тетігін реттей отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға жоғары тұрған уәкілетті органға шағым жасаудың міндетті тәртібін енгізу;  автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдар мен аспаптарымен тіркелген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс өндірістері рәсімдерін жетілдіру;  ӘҚБтК тиісті түзетулерді енгізу жолымен заңнамалық реттеуді қажет ететін құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою.

2016 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасының Парламентінің екінші сессиясының ашылуында «…заң шығару үдерісінің аясын кеңейте түсу қажет. Жобаларды дайындау сатысында оған қоғамдық сарапшыларды, парламенттік емес партиялардың, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерін тарту қажет. ЭЫДҰ елдерінің халықты алдын ала құлақтандыру және қажетті құқықтық жаңа бастамаларды қоғамдық талқылау жөніндегі тәжірибесін белсенді пайдаланған жөн. Заң шығару үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың барлық басшылары, сондай-ақ, партиялық фракциялар қоғамды жоспарланып отырған заңнамалық бастамалар туралы тұрақты түрде ақпараттандырып отыруы керек …» деп атап өтті. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заң жобасын әзірлеуші-орган ретінде азаматтар мен заңды тұлғалардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларын құқықтық қолдану барысында қандай мәселелермен кездесетінін білу маңызды. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының негізі ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заң жобасы бойынша ұсыныстарды қабылдау, қоғам және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, сонымен қатар пысықталған толықтыруларды талқылау процессіне кеңінен адамдарды қатыстыру мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әлеуметтік желілердің интернет-ресурстарында ресми аккаунтар құрылды. Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасының Заңнама институты аталған интернет- аккаунттардың әкімшілігі ретінде қоғамнан келіп түсетін ұсыныстарды жинақтау, сараптау, жалпылау жұмыстарын жүргізуде. Әділет министрлігі жүргізіп жатқан жұмыс Ел басының талаптарына жауап беріп ғана қоймай, заң актілердің жобаларын көпшілік талқылауына қатысты «Құқықтық актілер туралы» Заңының ережелеріне сәйкес келеді. Бұл азаматтарға, БАҚ және кез-келген мүдделі тұлғаларға НҚА жобасының нақты нормалары мен ережелерін талқылауға қатысуға мүмкіндік береді. Барлық мүдделі тұлғаларды заң жобасының ережелерін талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.

Administrative_Code_2016 

administrative_code_2016

adm_code_2016 

adm_code_2016@mail.ru


Бөлісу: