"CHILDREN PARALYMPIC GAMES" инклюзивті спорт фестивалі және паралимпиадалық спорт түрі боччадан Қазақстан Республикасының чемпионаты

17.06.2022

2022 жылдың 17-18 маусымында елордада "CHILDREN PARALYMPIC GAMES" инклюзивті спорт фестивалі және паралимпиадалық спорт түрі боччадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Спорт фестивалінің мақсаты-мүгедек балалар мен жастарды тұрақты дене белсенділігіне және спортпен шұғылдануға ынталандыруды арттыру және бұқаралық спорт бөлігінде мүгедек адамдардың проблемалық мәселелеріне жұртшылық пен биліктің тиісті назарын аудару.

15 қаладан "Саламатты болашақ" әлеуметтік жобасы секцияларының тәрбиеленушілері - бочча, голбол, бейімделген шығыс жекпе-жегі (каратэ, таэквондо, дзюдо), бейімделген футбол, инклюзивті хореография, бейімделген жүзу, бейімделген жеңіл атлетика, футбол 7*7 сияқты спорт пәндеріне қатысу үшін мүгедек балалар мен жастар келді.

"Ерекше" балалармен қатар, фестиваль аясында жүзу жарыстарына нормотиптік балалар да қатысты.

Ең көп өңірлік команда Павлодар облысының командасы болды.

Спорт түрлері бойынша спорт алаңдарының әрқайсысында спортшылар диагноз бойынша жіктемеге сәйкес және "тең мүмкіндіктер"қағидаты бойынша басқа өңірлерден келген қарсыластармен жарысты.

Фестивальмен қатар Қазақстанның мүгедектер спорты тарихында тұңғыш рет паралимпиадалық спорт түрі боччадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, оған қатысушылар тірек – қимыл аппараты ауыр зақымданған балалар мен жастар. Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Жекпе жек" сарайында паралимпиадалық спорт түрі Боччадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Чемпионаттың мақсаты –әлемдік аренаға-Паралимпиада ойындарына одан әрі көтерілу үшін үздік боччистерді анықтау. Бұқаралық спорттан жоғары жетістіктер спортына дейін-мүгедектігі бар барлық спортшылардың арманы.

Фестивальге 273 қатысушы, ал боччадан ҚР чемпионатына 47 қатысушы қатысты.

Бөлісу: