Таиландта өткен Азия Кубогінің нәтижелері

07.10.2019

2-7 қазан аралығында Суфан Бури қаласында (Таиланд) велоспорттан Азия Кубогі өтті. Халықаралық дода нәтижесінде Орталық спортшылары 4 алтын және 1 қола жүлдеге ие болды.

Омниум бәсекесінде ерлер арасында Әзен Ғабиден пьедесталдың бірінші сатысына көтерілді. Тұрар Асылхан күміс жүлдеге ие болды. Ерелер арасындағы мэдисон бәсекесінде Тұрар Асылхан мен Юсифов Игорь бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ, Игорь жеке із кесу бәсекесінде мәреге бірінші болып келді.

Шын жүректен спортшыларымызды  және бапкер Юрий Юрьевичті сайыстағы лайықты жеңістерімен құттықтай отырып, денсаулық пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Естеріңізге сала кетейік, велошабандоздарымыз 15-22 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Чинчхон қаласында өтетін Әлем Чемпионатында бақтарын сынайтын болады.

Бөлісу: