Қалай Қазақстанда велотректегі спринтті дамытады

07.11.2017

Велосипед спорты – Қазақстанда ең сәтті дамып келе жатқан спорт түрі. Егер жуырдағы уақытта бұл тасжол  велоспортына қатысты болса,  онда кейінгі 5 жыл аралығында біздің спортшылар тректе жақсы нәтижелер көрсетуді.

Елімізде тректегі велоспорттың жандануына түрткі болған  Астана қаласында 2011 жылы салынған алғашқы жабық велотрек болды. Көптеген жас жарысушылар өздерінің спорттық мансаптарын осы бағытпен байланыстыруды шешті, бұл толық заңды – тректегі велоспорт тәртіптердің елеулі әртүрлілігімен ерекшеленеді.  Мысалы, тректегі велоспорттан Олимпиада ойындарының бағдарламасы жарыстардың 10 аса түрімен танылады. Өткен жылы велосипед спортынан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында 12 жылдық үзілістен кейін алғаш рет өнер көрсетті. Сол кезде қазақстандық Артем Захаров омниум жарысында Олимпиадаға қатысуға лицензия алды және оның қорытындылары бойынша үздік 10 кірді. Сонымен біргі, қазақстандық «трекшілер» қарқынды тәртіптегі азия континенті көшбасшыларының бірі болып саналады.

        Осы жылы Қазақстанда спринтерлік тәртіптер даму алды, ал ұлттық құрама спринтершілерге жаңа жаттықтырушы – Валентин Савицкий келді. Валентин Савицкий – ресейлік велошабандоз, 2009 жылғы Еуропа кубогы кезеңінің жеңімпазы, сол 2009 жылы ол Әлем кубогында төртінші орын алды, ал 2013 жылы 200 метр гитте Ресей рекордын және соңғы 200 метрге кейринде жоғары әлем жетістігін орнатты,

 Zakon.kz  сұхбатында  Валентин Савицкий   спринттің ерекшелігін, осы жылы қазақстандық спринтшілер  қандай  табыстарға қол  жеткізгендерін  және осы бағытта ұлттық құраманың болашаққа  қандай жоспарлары барын әңгімеледі.

-Бізге спринтерлік тәртіптер туралы, спринттің не екендігін, оның қарқынды тәртіптерден айырмашылығын айтып беріңізші?

-Біріншіден, велосипед спорты әлемінде спринттің мүлдем жеке тәртіп екендігін түсіну қажет. Шын мәнінде спринт пен темптің тек бір ғана жалпы белгісі бар – бұл, велосипедтің екі  дөңгелек доңғалақтары. Спринтер жарысушысының менталитеті мүлдем басқа. Мінезі басқа, дене бітімі мүлдем басқа, физиологиясы басқа. Осының барлығы қашықтықта күресу уақытымен байланысты. Спринттегі ең ұзақ қашықтық 1 минутқа жуық созылады, ал спринтте негізгі күрес ұзақтығы 10-20 секунд шеңберінде болады, осы уақытта жоғары дәрежелі спортшы 2500-3000 ваттқа дейін дамытуы мүмкін. Темпте жарыс уақыты 1 сағатқа жуық жетуі мүмкін. Тасжолда жарыс уақыты мүлдем 7 аса сағатқа жетуі мүмкін.

   Велосипед спорты әлемінде спринт – бұл жекпе жек, себебі төсемге шыққанға дейін көп уақыттан бұрын басталатын психологиялық күрес көп. Ширатып шынықтыру кезінде, олардың көзқарастарында, жүріс-тұрыстарында тек кәсіпқойлар түсінетін  өте шетін уақыттар көп. Мен бұны жекпе жектермен салыстырар едім, себебі жекпе жектерде бұл расында бар. Көзқарас, психологиялық күрес, өзара құрмет.

-         Сіз спринтерлер қалған веложарысушылардан физиологиялық негізінде ерекшеленеді дедініз. Бұл неден байқалады?

 - Спринтердің басты ерекшелігі – бұл өте қысқа мерзімде  максимлды орындау дағдысы. Спринтерлер бұлшықеттерінің құрылымы мүлдем басқа, ол 30 секундттық уақыт интервалында барлығын көрсетеді. Тасжолдағы жарысушы мысалы ондайды істей алмайды. 30 секундтың ішінде ол байқай да алмай қалады ненің болғанын, 30 секунда аралығында өз ағзасын аша да алмайды, өз жүйке жүйесін жадырата алмайды. Сондықтан тасжол және қарқынды тәртіптегі шабандоздар неліктен спринт тәртібінің шабандоздары 30 секундтық жарыстан кейін құлайтындарын түсінбейді. Мұны түсіну үшін спринтші болу керек. Спринтшінің мұндай қасиеттері генетикалық деңгейде болу тиіс. Жаттығу үдерісі уақытында бұл қасиеттер ашылып, жадырайды. Жоғары дәрежелі спринтшілерде жүйке жүйесінің қозғалқыштығы соншалықты жоғары, тіпті әр жарыстан кейін олар өз ресурстарына борышкер болып қалады. Жаттығу барысында  негізгі көңіл  жүрекке емес, бұлшықеттер жұмысына бөлінеді. Қуаты бойынша ең жоғары және ең қысқа жаттығулар. Жаттығулар бағдарламасында жаттығу залында жұмыс жасау қарастырылған. Мысалы, спринтші 800 кг дейінгі салмақты аяқтарымен сығымдап көтереді. Ұзақ қашықтықтарға  жасалатын жаттығулар қалпына келтіруші сипатта.

 - Спринтшілер ірі дене бітімімен ерекшеленеді деген пікір кездеседі. Бұл рас па?

- Бұрын расында спринтшілер арасында өте үлкен, шомбал денелі  болу керек болатын. Бірақ, егер қазіргі үрдіс туралы айтсақ, онда бұл қағида жұмыс істемейді. Қазіргі кезде әртүрлі дене бітімді спринтшілер кездеседі, олардың ішінде онша үлкен еместер де бар.

 -Техникалық жабдықталу жағынан спринт немен ерекшеленеді? Қандай велосипедтерді  спринтшілер жүреді?

 - Олар ерекшеленеді. Қағида түрінде деп айта алмаймын. Халықаралық велошабандоздар одағына (UCI) сәйкес спринтерлік велосипедтер сипаттамасын реттейтін қағидалар темптіктерден, оған қоса тасжолдан ерекшеленеді. Жиегінің беріктігіне жоғарырақ талаптар қойылады. Спринтерлік жиек беріктірек, ауырлау, тректе өзін ұшқырлаурақ, шағындау, сезімталдау көрсетеді. Спринтерлік велосипед қателерді кешірмейді. Егер спринтерлік велошабандоз қателерді кешірмейді. Егер спринтерлік велосипедке темпші отырса – ол бірден айырмашылықты сезеді. Көзбен қарағанда  айырмашылық жоқ.

 -Қазақстанда қазір спринт жағдайы қалай?

- Қазақстанда спринт пайда болу кезеңінде. Бәрі біртіндеп жүруі тиіс. Тректе велоспортты дамыту темптен басталды және елімізде кейінгі екі жылда темпте белгілі табыстарға қол жеткізілді. Енді спринттің де кезегі келді. Бұл белгілі уақытты талап етеді. Ең бастысы қазір спортшылар мен жаттықтырушылардың Қазақстанда спринттің дамитынын және жарысушылардың ұмтылатын мақсаты барын түсінуі. Және тек тасжол, темп  ғана емес, және де спринтте бар. Сонда жаттықтырушылар да  жарысушылардың спринтерлік тәртіптерге қабілеттерін анықтайтын болады, енді балаларды бағыттайтын бағдар болады.

Жақсы жарысушыларды табуға және нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін  іріктеу жүргізілетін  болады.  Бүгінгі күнге дейін спринт қабілеттілігіне жарысушылар арасында тап мұндай селекция жүргізілмеді.

Қазан айының басында Астана қаласында өткен тректегі велоспорттан Ұлттық чемпионат көрсеткендей спринтшілер арасындағы нәтижелер өткен жылдар сияқты бірполярлы емес. Қазір спринттің осы жарысында күресе алатын спортшылардың белгілі шоғырланымы әлден  жетті.

Cпринтшілер арасында трек бойынша ұлттық құрама командасында бәсекелестік орта айтарлықтай артты. Бұрын мұндай бәсекелестік болмаған. Қазақстанда өршіл және жоғары мақсаттарға бағытталған, «элита» жас санатында барлығы 5 спринтші бар. Олар

Павел Воржев, Заки Султанов, Сергей Пономарев, Максим Налетов и Кирилл Рудер.

- Қашан біздің спортшылардан халықаралық жарыстарда алғашқы нәтижелерді күтуге болады? Және таяу болашақта қазақстандық спринт алдында қандай мақсат тұр?

- Нәтижелер де бар. Қазақстандық велошабандоздар Ашхабадта өткен Азия ойындарынан 6 медальмен оралды, олардың 4 спринтерлік тәртіпте жеңіп алынды. Командалық спринтте  Воржев, Султанов және  Пономарев  екінші орын алды, жеке спринтте Воржев алтын жеңіп алды, ал Пономарев қола жеңіп алды ,  кейринде  қайта Воржев жеңіп алды.

Мен Қазақстанда спринттің әлеуеті жоғары болады деп есептеймін. Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дейін лицензия алуға үш жыл бар. Келесі жыл мақсаты – Индонезияда өтетіін Азия ойындарында медаль жеңіп алу. Егер юниорларды мұқият алса, онда юниорлар арасындағы Әлем чемпионаттарында медаль жеңіп алу мүмкіндіктері бар.

Қарсыластар Қазақстанда мықты, лайықты жарыса білетін жарысушылардың барын біледі де. Егер бұрын қазақстандық спринтшілер әлемдік рейтингте алыста  150 позицияда  болса, ал қазір біз бұл ордан шығудамыз. Қазіргі уақытта бізде крейнде Әлем кубогына квота және спринтте резервті орын бар, ол біздің қазірден әлем рейтингісі 40-топы ішіне кіретіндігімізді  көрсетеді.

-Аздап өзіңіз туралы айтып беріңізші. Қалай спортқа, соның  ішінде спринтке келдіңіз, және қалай қазақстан құрамасының жаттықтырушысы болдыңыз?

-Спортқа мен кеш келдім – 17 жасымда. Мен Омбыданмын, ал бұл өңірде спринт дамымаған, сондықтан жас спортшы бола тұра маған  өз күшіммен мәселені шешіп, жаттығу үдерісін қолыма алу керек болды. Өз өзімді жаттықтырдым деп айтсам болады. Осы уақытқа дейін спринтпен байланысты  көп нәрсені үйрендім. 2014 жылы өзім спортшы болып жүрген кезімде менде Павел Воржев жаттықты. Ол  Омбыға келіп менің жетекшілігімен жаттығатын. Жарты жылдан кейін басқа қазақстандық жарысушы - Заки Султанов қосылды, сол уақытта мен спортты да тастадым.

Дереккөз: Zakon.kz

Бөлісу: