Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

01.09.2020

Велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығы ұжым болып Президент Жолдауын мұқият тыңдап шықты.

Мемлекет басшысы биыл әлеуметтік және экономикалық мәселелерге ерекше басымдық берген. Бұған қоса, бұқаралық спортты дамытып, ұлт саулығын қалыптастыруға қатысты да тетіктер бар. Мәселен, Президент қаржыны кәсіпқой клубтарға шашпай, балалар спортына бағыттау қажеттігін айтты. Бұл өте өзекті мәселе.

Балалар спортын дамыту арқылы ел болашағының іргетасын қалыптастырамыз. Салауатты ұрпақ тәрбиелейміз. Біз өз тарапымыздан осы тапсырмалардың орындалуына барынша атсалысамыз. Мысалы, қазірдің өзінде «Сарыарқа» велотрегінің әлеуетін толық пайдалануға қатысты жұмыстарды қолға алдық. Яғни, бұнда тек кәсіпқой велоспотшылардың ғана емес, әртүрлі бағыттағы спорттық үйірмелердің жұмысы бір жолға қойылған. Айталық, жүзу, таэквондо, велоспорт, мәнерлеп сырғанау мен көркем гимнастика бойынша спорттық секциялар бар. Оған келіп жүрген балалар мен жасөспірімдер саны 300-ден асады. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті арттыру көзделіп отыр. Бұған қоса, велотрек жанындағы фитнес орталыққа күніне шамамен 400 адам келеді. Осы арқылы елордадағы бұқаралық спортпен айналысатындар санын арттыруға тырысып жатырмыз.

Бөлісу: