Казахстан VS Иран — 2019 Әлем чемпионатының квалификациялық раунды

22.02.2018

Астанада «Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында 2019 жылдың Әлем чемпионаты квалификациясы бойынша, баскетбол бойынша ҚР ұлттық құрама командасымен Иран командасының арасында үйдегі матч өтеді.

Қазақстандық құраманын еншісінде 2017 жылдың соңында өткен Ирак пен Катарға қарсы екі ойыны бар. Олар тырысқандықтарының арқасында екі ойынды сәтті аяқтады.

Қазір де біздің құраманың алдында қиын да жауапкершілікті мол қажет ететін екі ойын тұр. Қазақстанның қарсыласы -Иран Республикасының құрама командасы.

Ирандық команда азиялық квалификациядағы D тобының үздік тобы болып саналады. Соңғы жылдары Иран Халықаралық баскетбол федерациясының рейтингінде жоғары көтерілді және қазір,Азиядағы Халықаралық баскетбол федерациясына жуық арада қосылған Австралия құрамасынан кейінгі екінші орында тұр.

Халықаралық баскетбол федерациясының турнирлары аясы тарихында Қазақстан құрамасы Иран командасымен 6 рет кездескен болатын, соның ішінде екі рет қана Қазақстан Иран командасын жеңді. Командалардың соңғы кездесуі 2013 жылы Азия Чемпионатында болған еді. Ол кезде жеңісті ирандықтар тойлаған болатын. Бірақ,бұл спорт болғандықтан, өткен кездесулердің фактілері команданың қазіргі көңіл-күйіне әсер етпейді.

Мысалы, 2019 Әлем Чемпионатының квалификация аясында өткен матча ирандықтықтар өзінің қарсыласы Ирак құрама командасынан 74:66 есебімен жеңіліп қалды.Ал қазақстандықтар Ирак командасын 82:76 есебімен жеңіп кетті. Ирандықтар Катарға қарсы екінші ойынды үлкен жеңіспен аяқтады. Есеп 65:39 болды.  Осылайша, ирандықтар D тобының үшінші орында, Қазақстанннан бір-ақ ұпайға қалып тұр.

Алдағы матч өте қызық  болайын деп тұр және жеңіс үшін қатты күрес болуы мүмкін. Біздің ойыншыларға өз трибуналарының қолдау қажет.

ҚР баскетбол бойынша ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы,Михаил Карпенко:

-Иран құрама командасы азия континентінін соңғы бірнеше циклдері мен турнирлеріндегі мықты командаларының бірі. Тарих бойынша, Иран азиялық турнирлардың үздігі болып саналады. Олар Иракпен ойындағы күтпеген жеңіліске қарамастан, үздік болып қала береді және қай жағдай болмасын, олар біздің топтағы бірінші орынға үміткер болады.Алда бізді қиын ойын күтіп тұр. Олардың бас жаттықтырушыларының өзгеруі, ойынның шабуыл мен қорғаныс  жүйесінің  ауысқанын білдіреді. Сондықтан да, қарашада өткен бірінші іріктеу кезеңінің ойындары тактика жағынан бізге көп ақпарат әкелмейді.Бұдан басқа, Иран командасының ойыншылары өзгерді, қазір ирандықтарда 5 жаңа ойыншы бар, соның ішінде жақсы, тәжірибесі мол ардагерлер.Біз дайындалудамыз, икемделудеміз,әрине, қатты жеңгіміз келеді.Ол үшін бізге ойын аланыңда 100%-ға берілу керек. Барынша жинақты, қорғаныста агрессивті болу, ойынның жоғарғы темпін қамтамасыз етіп отыру керек. Және,әрине, шабуылда дұрыс шешімдер қабылдау керек.22  ақпан, сағат 20:00-де, республикалық «Сарыарқа» велотрегі. Біз Сіздерді күтеміз! Біз Сіздердің қолдауларыңызға мұқтажбыз!

Ақпарат көзі: pbcastana.kz

Бөлісу: