Велотректен Әлем Кубогінде қазақстандық велошабандоз 6-орынға жайғасты

10.12.2019

Қазақстандық велошабандоз Рината Султанова тректегі велоспорттан Әлем кубогінің 4-кезеңінде алтыншы орынға табан тіреді деп хабарлайды Prosports.kz, kcf.kz сайтына сілтемеде.

Осыдан бір апта бұрын 21 жасар спортшы Әлем Кубогінің 3-кезеңінде омниум бойынша 9-позиция бойынша үздік ондыққа іліккен еді. Рината қазақстандық шабандоздар арасында рекорд орнатты. Себебі, бұл көрсеткіш Әлем Кубогіндегі қазақстандық спортшылар көрсеткішінің ең үздігі болып отыр. Енді СУлтанова өз рекордын жаңартты.

Бөлісу: