Қазақстан құрама командасы «Zhulduz Cup-2018» турнирінде 17 медальға ие болды

01.06.2018

Қазақстан құрама командасы «Zhulduz Cup-2018» халықаралық турнирінде көркем гимнастикадан  әр түрлі атақтағы 17 медальға ие болды.

Юниорлар 4 алтын, 2 күміс және 4 қола алқаларын жеңіп алды.

Сеньорлар- 2 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдесін иемденді.

Сеньорлар арасындағы шешуші мәреде Адиля Тлекенова (доп) бірінші орынды алса, үшінші орынды Даяна Абдирбекова иемденді. Шоқпарлармен жаттығуларда Абдирбекова сондай-ақ үшінші орынға ие болды.Тлекенова баумен жаттығуларда екінші, ал құрсаумен үшінші орынды иеленді. Құрсаумен жаттығулардың жеңімпазы Сабина Бакатова болды. Доппен жаттығуларда Айбота Ертайқызы үздік болды. Роза Абитова шоқпармен үшінші орынды алса, Сабина Бакатова  баумен жаттығулардың 2 орын жеңімпазы атанды.

III халықаралық көркем гимнастикадан «Zhulduz Cup-2018»  турнирі 29 мамырдан 31 мамыр аралығында Астана қаласында өткізілді. Турнирді тамашалауға  Рио Олимпиадасының чемпионаты Маргарита Мамун мен дәл осы ойындардың қола жүлдегері Анна Ризатдинова келді.

Ақпарат көзі:www.24.kz

Бөлісу: