Қазақстандықтар Ұлттар кубогының чемпионы атанды

07.09.2017

2017 жылдың 04-06 қыркүйек аралығында Корея Республикасында Ұлттар кубогы өтті. Қорытынды есепте Қазақстан Норвегияны ғана жіберіп, құрметті екінші орынды иеленді.
Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде өткен бірінші кезеңде Даниил Марухин екінші орынды иеленді.

Екінші кезеңде біздің спортшылар тамаша нәтиже көрсетіп, барлық жүлделі орындарды жеңіп алды: Олжас Байымбаев бірінші, Даниил Марухин екінші, Игорь Чжан үшінші, Глеб Брусенский төртінші, Евгений Федеров бесінші болды.

Үшінші кезеңде Чжан Игорь мен Федеров Евгений өздерін көрсетіп, соңғы кезеңде Федеров Евгений бірінші болды.

Велоспорт орталығының баспасөз қызметі


Бөлісу: