«Химки» Астанада қуғыннан құтылды

18.04.2017

Ресейлік «Химки» сапарда қазақстандық «Астананы» 90:87 (22:15, 24:13, 18:27, 26:32) есебімен ойнап ұтты.

ВТБ Бірыңғай лигасының шеңберінде өткізілген бұл матчтағы жеңіс, турнирлік міндетін аяғына дейін шешпеген, «Химки» командасына әділдікпен қажеттірек болды. Алайда, «Астана» да кешегі «Автодорға» жеңілісімен өзіне 8-орынды және плей-оффқа қатысуды қамтамасыз етіп, соңғы жүйелік матчында жанкүйерлерін тек әдемі ойынмен ғана емес, сондай-ақ нәтижесімен қуантуға ниеттенді. Қонақтар бастаманы өз қолына алса да, Илиас Папатеодорудың шәкірттері беріспеуге тырысты. Жағдайдың теріс дамуына қарамастан ( екінші жартысында Алексей Шведтың айыпты ұпайынан кейін «Химки» командасына «+20»), қожайындар біртіндеп ұпай санына жете бастады - бұл үзікте 9 ұпай алған Усман Крубалли керемет болды

«Астана» төртінші 10-минутасының басында 12:4 серпілісімен( бастаушылар сол Крубалли және Роберт Лоури болды) химкалықтарды таң қалдырып, алға шықты - 70:68! Содан, қызықтысы басталды - Алексей Шведтың 10 ұпайына қожайындар алаңша бойымен күшті басыммен жауап берді. Сонда да «Астананың» соңғы шабуылында жеңіске тастаған Иан Миллердің добы сақинаға түспей – «Химки» Қазақстан астанасынан өте күрделі, бірақ сондай қажетті жеңісті алып кетіп барады.

Осы матчтың ең нәтижелі спортшылары:

«Астана»:Усман Крубалли (29+13 таңдама), Димитриос Катсивелис (14+7 таңдама), Иан Миллер (12+9 беріліс), Роберт Лоури (10+11 беріліс).
«Химки»: Алексей Швед (23+7 беріліс), Джейкоб Пуллен (21), Нобел Бунгу-Коло (13+6таңдама), Робби Хаммел (10), Эрл Роулэнд (10).

«Астана» БК бас бапкері Илиас Папатеодору:

— Басында біз жоспарлағанымыздай ойнамадық. «Автодордың» жеңілісінің арқасында біз плей-оффқа түстік, мүмкін, осыдан менталды біз ойынға тиісті түрде дайын болмадық. «Химки» — Лигадағы күшті командалардың бірі. Және де, әрине ойынның бірінші жартысында қонақтар біздің босаңдығымызды пайдаланды. Бірақ, ұзақ мерзімді үзілістен кейін біз іске дұрыс келіп нағыз команда ұқсап ойнап және соңында бізде ұтуға мүмкіндігіміз болды деп есептеймін.

БК «Химки» БК бас бапкері Душко Иванович:

— Біз бүгін басында жақсы бастадық, бірақ кейін ойынымыз бұзылып кетті. «Астана»керісінше нашар бастап, ал ойынның екінші жартысында күш қосты және батылырақ әрекет ете бастады. Осы матчтың соңында біздің жолымыз болды. Сөзсіз, ойынның екінші жартысында біз қорғауда ойнауды қойып, көп ұпайды өткізіп алдық, кейде қарсыласымыздың доп салғанына қарап тұрдық. Әрине, плей-офф ойындарында бізге іске деген көзқарасымызды және психологиямызды толық өзгерту қажет.

Осымен, «Астана» командасына ВТБ Бірыңғай Лигасы жүйелік чемпионаты мәресіне жетті, оның қорытындысы бойынша астаналық клуб кепілді өзіне плей-оффта орынды қамтамасыз етті. Жүйеліктің қорытынды матчтары ағымдағы жылдың 23-сәуірінде өтеді.

Келесі матчтарды «Астана» осылай өз паркетінде өткізеді.2017 жылдың 21 және 23-сәуірінде астаналық команда Қазақстан Ұлттық лигасының 4-к финалын қабылдайтын болады. ½ финал шеңберінде астаналықтар «А» Жоғары лигасының жеңімпазы – «Тобол» қостанайлық баскетбол клубының командасымен кездеседі.

www.pbcastana.kz


Бөлісу: