Орталық ұжымы шет қалмай, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетеді.

21.04.2017

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының қызметкерлері көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отандастарына бейжай қарамай, оларға қолдау көрсетті.

Ұжымның жалпы жиналысында Орталықтың ұжымы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету фондына бір күндік жалақысын аударуға бір ауыздан шешім қабылдады. Сондай-ақ, қажетті заттардың да жиналуы жүргізіледі.

Барлығыңызды немқұрайлы қарамай, жанашырлық танытуыңызды сұраймыз!

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК баспа- қызметі

Бөлісу: