Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру жұмыстарына байланысты жиналыс өткізілді

10.09.2019

2019 жылдың 9 қыркүйегі күні «Сарыарқа» велотрегінің мәжіліс залында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау Орталығы қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Күн тәртібіне мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мәселесі қойылды.

Спикер ретінде сөз сөйлеген кезекшілік қызмет бөлімінің басшысы Серік Жұмағазыұлы қатысушыларды Жолдаудың басты бағдарларымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, құжатта көрсетілген қызметтерді іске асырудағы міндеттемелер – отбасы және балалық шақ институтын қолдау, инклюзивті қоғамды қалыптастыру, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, білім беру сапасын жоғарылату, мәдениет саласы қызметкерлеріне қолдау таныту, әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру және отандық зейнетақы жүйесі туралы сөз қозғалды.

Бөлісу: