Қазақстан құрама командасы Чебоксары қ. жарыста жеңіске жетті

10.07.2018

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың 1-18 шілде аралығында Ресей елінің Чебоксары қаласында өтетін оқу-жаттығу жиыны мен халықаралық жарыстарға велосипед спорты бойынша Қазақстан құрама командасы спортшылары қатысуда.

Осыған орай 8 шілдеде жасөспірімдер арасында өткен Алексей Трофимовты еске алуға арналған 21-нші дәстүрлі Жалпыресейлік жарысында еліміздің спортшылары маунтинбайк-велоспорты бойынша жеңімпаз атанды. Олар: 1 орынды Глеб Брусенский, 2 орынды Евгений Федоров, 3 орынды Болат Ниязов, қыздар арасында 3 орынды Татьяна Богданова иеленді.

Барша жеңімпаз спортшыларды жүлделерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта алар асулары биік болсын және спортта жетістік тілейміз! 

«Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: