Жасөспірімдер командасы Азия Чемпионатында жеңісті тұғырдан көрінді

10.01.2019

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 4-14 қаңтар аралығында Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан тректен Азия Чемпионатына қатысуда.

Жеті күндік байрақты бәсекеде велошабандоздарымыз қарсыластарынан оқ бойы озып, жеңісті тұғырдан көрінді. Нәтижесінде қыздар арасындағы командалық қуалау жарысында Ақпейіл Өсім, Кристина Титовская, Эльвира Хамзина, Кристина Стужук алтын медальды ел қоржынына салды. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы командалық спринтте Темирхан Сиазбеков, Александр Сафаров, Андрей Крейс 3 орынды иеленсе, ал ерлер арасында Сергей Пономарев, Максим Налетов, Андрей Чугай 4 орынға тұрақтады.

Айта кетсек, спортшыларды аталмыш додаға дайындаған орталықтың бапкерлері Светлана Тарасованың, Иван Сиваштың, Валентин Савицкийдің еңбегі зор.

Ендеше, орталықтың спортшылары мен бапкерлер құрамын үздік нәтижемен құттықтаймыз! Еліміздің көк байрағы желбірей берсін!

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: