Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия «Сарыарқа» велотрегінде болды

17.10.2014

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы  Адам құқықтары жөніндегі комиссия 2014 жылғы 16 қазанда оның төрағасы Қуаныш Сұлтанов жетекшілігімен  «Сарыарқа» Республикалық велотрегі» РМҚК-да  болды.

Велотрекке бару мақсаты халыққа қызмет көрсету шарттарымен танысу, спорт инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз ету,  Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекспен, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактімен кепілденген азаматтардың құқықтарын сақтау.

Спорт объектісін қызметкерлерімен және келушілеріме әңгімелесу барысында Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелері халықты, атап айтқанда жастарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартуға, салауатты өмір салтын дәріптеуге, жастарды зиянды әдеттерден арылтуға ерекше көңіл бөлді .

Видео: «Сарыарқа» велотрегін қызметтердің қолжетімділігіне тексерді»

Бөлісу: