ОДО велошабандоздарының қорытынды жаттығулары

05.11.2020

2020 жылдың 4 қарашасында «Сарыарқа» велотрегінде трек-темп және трек-спринт бөлімдері бойынша жасөспірімдер арасында тректегі велоспорттан қорытынды жаттығу жұмыстары жүргізілді. Сиваш Иван мен Купешов Беріктің тәрбиеленушілері өзара 4 бәсеке түрінен сайысқа түсті: скретч, кейрин, жарыстан шығып қалу бәсекесі, бір орыннан жылдам айналым. Сайыс қа жалпы саны 21 спортшы қатысты.

Оқу-әдістемелік бөлімнің басшысы Александр Сергеевич аталған сайыстың оқу-жаттығу жиындары аясында өткізілгендігін атап өтті:

- Барлық шабандоздар жақсы нәтиже көрсетуге талпынды. Алайда бұдан да жоғары көрсеткішке жетуге болады. Спортшыларымыз шамамен 7 ай көлемінде тректе болмағандықтан, оларға қайта қалыптарына келу үшін белгілі уақыт қажет. Қазіргі таңда олар келесі жылдың мамыр айында өтетін Азия чемпионатына қатысу үшін барынша қалыпқа келу жұмыстарын жүргізетін болады. Осы орайда айдың ортасына қарай спортшыларымыз Түркістан облысында өткізілетін ОЖЖ-ға қатысады деп жоспарлануда. Бұл өз кезегінде велошабандоздардың жақсы нәтижелер көрсетуі үшін оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Сондай-ақ ол алдағы жылға құрылған жоспарлармен бөлісті: 

- 2021 жылға қойылған екі басты мақсат – сәуір айында Египетте өтетін юниорлар арасындағы әлем Чемпионатында және еліміздегі Азия чемпионатында лайықты деңгей көрсету. Әрине, біз қазіргі таңдағы эпидемиологиялық жағдайға қарай мемлекет тарапынан берілетін барлық нұсқауларға сай әрекет ететін боламыз.

Естеріңізге сала кетейік, қорытынды жаттығу жұмыстары көрермендердің қатысуынсыз және барлық санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтай отырып жүргізілді.

P.S. Қорытынды хаттаманы осы жерден көрсеңіз болады.

Бөлісу: