Тау велосипедінен Азия кубогы – 2016

19.08.2016

Тау велосипедінен Азия кубогы С3 класындағы жарыс болып табылады және UCI (Халықаралық велосипедшілер одағы) қамқорлығымен өтеді. Азия кубогы 2016 жылдың 27-28 тамызында Малайзияның Ранау қаласында өтеді. Спортшыларға халықаралық жарысқа қатысуға және UCI ұпайларын алуға жақсы мүмкіндік беріледі.
Бұл жарыста еліміздің атынан Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының келесі спортшылары қатысады:

Жайлыбай Дамир 1998 ж. т.
Семенов Александр 1999 ж. т.
Гладилин Александр 1999 ж. т.
Мұхамедьянов Темірлан 1999 жылы туған.
Қазіргі уақытта спортшылар Алматы облысындағы Текелі қаласында өткен Азия Кубогы алдындағы оқу-жаттығу жиынында.

Сәттілік тілейміз және балаларымыздың табысты өнер көрсетуін күтеміз!

Олимпиада орталығы " РМҚК баспасөз қызметі

Велосипед спортынан дайындық"

Бөлісу: