Киокушинкай-кан каратэ спорт түрінен өткен Еуропа кубогі

05.12.2016

Қараша айының 26-27 күндері, Польша Республикасының Люблин қаласында өткен Еуропа Кубогінде 20 дан астам мемлекеттің 500-ге жуық каратэшілерімен сынға түскен ұл-қыздарымыз жастар және ересектер құрамасының бас жаттықтырушысы Абжанов Дастан Дүйсенбайұлымен, жасөспірімдер және юниорлар құрамасының бас жаттықтырушысы Имашев Азамат Болатұлының басшылығымен еліміздің намысын қолдан бермей, мықты өнер көрсетті. Жекпе-жектерінде қазақтың қайсарлығымен өжеттілігін паш етіп, Республикалық Ұлттық киокушинкай-кан каратэ федерациясының xалықаралық аренадағы беделін үстем етіп, Қазақстанның туын 12 рет жеңіс тұғырына көтерді. Оның ішінде 5 алтын, 4 күміс, 3 қола медальдар иеленді. 

Еуропа Кубогінде жеңіске жеткен және жүлдегерлердің тізімі: 

1 орын: Әбдухалық Мағжан(Астана), Сауытова Мадина (Астана), Сурағанбек Бекарыс (Астана), Тронягин Александр (Қарағанды обл.Теміртау), Шақанов Мухтар (Астана). 
2 орын: АхметкалиеваТомирис (Астана), Советов Медет (Астана), Жанибек Темірлан (Астана), Темербекова Камила (Ақмола обл, Ақкөл). 
3 орын: Манапов Амир (Ақмола обл. Көкшетау), Мукаев Қуандық (Астана),Сатубаева Арна (Астана). 

Спортшыларды дайындаған бапкерлердің тізімі:

Абжанов Дастан Дуйсенбайұлы (Советов Медет, Жанибек Темірлан) 
Хамзин Азамат Мұқантайұлы (Шақанов Мухтар, Жанибек Темірлан) 
Имашев Азамат Болатұлы (Сауытова Мадина, Ахметкалиева Томирис) 
Аубакирова Назгуль Мұратханқызы (Әбдухалық Мағжан) 
Лим Игорь Геннадьевич (Тронягин Александр ) 
Омарғали Алмаз Сейітқазыұлы(Сурағанбек Бекарыс) 
Такенов Азамат Айдарханұлы (Манапов Амир) 
Алдашов Дастан Жұмабайұлы (Мукаев Қуандық, Сатубаева Арна) 
Теміржанов Чингис Рашитұлы (Темербекова Камила) 

Марапаттау рәсімі Астана қаласында Республикалық велотрегі ғимаратында өтті.


Бөлісу: