Біліктілігін арттыру курсы

18.06.2019

25 маусым мен 5 шілде аралығында «Сарыарқа» республикалық велотрегінде қазақ күресінен жаттықтырушы-оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы өткізіледі. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК және ҚР Қазақ күресі федерациясымен бірлесе ұйымдастырылуда.

Біліктілікті арттыру курстары ақысыз негізде, іс-сапар шығындары жіберуші ұйымның есебінен жүргізіледі.

Курсқа қатысу үшін 2019 жылғы 21 маусымға дейін rumac.kpk@gmail.com электронды мекен-жайына өтінім жолдау қажет. Тіркелу 25 маусым күні сағат 09.00-ден бастап 10.00-ге дейін жалғасады. Тіркелу үшін 2 данада білім беру қызметін көрсету туралы қол қойылған және мөрмен расталған шарт (қоса беріледі), қатысушының жеке куәлігінің көшірмесі, ноутбук (мүмкіншілігіне қарай), тәжірибелік сабақтарға арналған киім үлгісі, қатысушының толтырылған сауалнамасы (қоса беріледі) болуы қажет.

Мекен-жайы:  Нұр-Cұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғ., 45 А (солтүстік-шығыс кіре беріс). Барлық сұрақтар бойынша:  8 (7172) 95-42-02.

Бөлісу: