Мұз айдыны жұмысын қайта бастайды!

14.09.2020

«Сарыарқа» велоьрегіне қарасты мұз айдыны 21 қыркүйектен бастап өз жұмысын қайта бастайды. Қазіргі таңда мұзды қатыру жұмыстары мен керекті жабдықтарды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, мұз айдыны барлық қажетті техникалық және қосымша жайлармен қамтамасыз етілген және мәнерлеп сырғанау мен шорт-тректен спортшыларды даярлау үшін қолданылады. Мұз айдынының жалпы көлемі 4188 шарты метр, оның ішінде 1800 ш.м. мұзды құрайды.

Сондай-ақ, Орталық мәнерлеп сырғанаудан балаларға арналған секция жұмыстарын жүргізеді.

Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қ., (Астана), Қабанбай батыр даңғ., 45А

Байланыс телефондары: +7 (7172) 70 71 91, + 7 (778) 555 72 86.

Бөлісу: