COVID-19 алдын алуға байланысты дәріс өткізілді

18.02.2021

Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі әлі де бар. Осы жағдайға байланысты 18 ақпанда «Сарыарқа» республикалық велотрегінің базасында короновирус инфекциясының алдын-алуға байланысты «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК спортшыларына дәріс өткізілді. Дәріскер ретінде Орталық дәрігері Данияр Қуанышев сөз алды.

Спортшылар вирустың таралуы, ауру белгілерінің пайда болуы мен асқыну жағдайларына байланысты ақпараттық жадынамалармен танысты.

Ауруды болдырмау үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар айтылды. Олардың қатарында ауру ошақтарында болмау, көпшілік іс-шараларға баруды, науқас адамдармен байланысты тоқтату, қолды жиі жуып, медициналық бетперделер тағу бар.

Осы сынды іс-шаралар әлі де өз маңызын жойған жоқ, себебі, пандемияның қалай аяқталатыны әлі күнге дейін белгісіз және күллі адамзат үшін алаңдайтын жайт болып отыр.

Бөлісу: