Мария Боровкова каноэда есуден әлем чемпионы атанды

02.09.2022

Ағымдағы жылғы 31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Сегед қаласында (Венгрия) байдарка мен каноэде есуден жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгілер арасындағы Әлем Чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін, 1000 метр қашықтыққа каноэде есуден алғаш рет қыздар арасында Қазақстан құрамасының мүшесі, спорт шебері Мария Бровкова 4.35.69 уақытпен әлем чемпионы атанды. Венгрия елінің спортшысы 2 орын, Португалия елінің спортшысы 3 орындарды иеленді.

Байдарка мен каноэде есу бөлімінің аға жаттықтырушы С.Н. Тиуновты және барлық жаттықтырушылар құрамын осы жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!!! Жеңісті күндер көп болсын!!! Алдағы уақытта финалда өнер көрсететін спортшыларға жеңіс тілейміз!!!

Бөлісу: