Қазақстан қоржыны медальдармен толықты!

05.03.2021

24 ақпан мен 5 наурыз аралығында Египеттің Каир қаласында "Нұр-Сұлтан" олимпиадалық даярлау орталығының» стенд ату бөлімінің спортшылары Әлем кубогының лицензиялық кезеңіне қатысты.⠀Бұл жарыста Қазақстан Республикасының әйелдер құрама командасы тамаша нәтиже көрсетті:

Мария Дмитриенко, Сәрсенкүл Рысбекова және Айжан Досмағамбетова жалпы 395 ұпаймен "Trap" жаттығуларының командалық есебінде қола медальді жеңіп алды. ⠀

Сондай-ақ, Рысқұлбекова Сәрсенкүл мен Мария Дмитриенко "Skeet" жаттығуында қола медаль жеңіп алғанын еске саламыз.

Нәтижесінде қазақстандық мергендер Әлем Кубогында 2 қола медальға ие болды.

Сондай-ақ, Италияда ( Рим) күрес түрлері бойынша "Matteo Pellicone" халықаралық рейтингтік турнир өтіп жатыр. Турнир қорытындысы бойынша біздің орталықтың спортшысы Сұлтан Әсетұлы 63 келі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды.

Спортшыларымызды марапаттармен құттықтаймыз және спорттық мансапта табыс тілейміз!

Бөлісу: