Қоғамдық денсаулықты сақтау шаралары

04.03.2020

Ел президенті Қ.К.Тоқаев Коронавирустың (COVID -19) таралуына және қауіп төндіретін ауқымда пайда болуына байланысты Үкіметке мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық жүргізуші субектілердің  қызметіне нұқсан келтірмей азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды.

Осыған орай коронавирусты инфекцияның алдын алу жөніндегі республикалық жедел штаб отырысының хаттамасына сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аталған вирусты жұқтыру жағдайлары тіркелген елдерге  2020 жылдың бірінші жартыжылдығында спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команда мүшелерін іссапарға жіберуге тиым салды.  Сондай-ақ осы мерзімде басқа да елдерде қатысуы жоспарланып отырған шетелдік жарыстардан да бас тарту қажеттігін ескертті.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі

Бөлісу: