Халықаралық Олимпиада күні

23.06.2021

Бүгін - Халықаралық Олимпиада күні. Жыл сайын 23 маусымда бүкіл әлем дәл осы датаны ерекше атап өтеді. Арнайы мерекелік күн жайында алғаш рет 1947 жылы Стокгольмдегі Халықаралық Олимпиада комитетінің сессиясында айтылды. Бір жылдан кейін жоба мақұлданды. Содан бері әр мемлекет оны өз деңгейінде тойлайды. Мәселен, бізде биыл олимпиада күінне арналған эстафета бастау алды. Яғни, еліміздің түкпір-түкпірінде спорттық шаралар ұйымдастырылды. Бастаманы алғаш болып Солтүстік Қазақстан қолдады. Бұнда кәсіпқой және әуесқой спортшылардың басын қосқан велошеру өтті. Александр Винокуров бастаған жүздеген шабандоз қала көшелерімен 10 шақырымды бағындырды. Артынша эстафетаны Алматы іліп әкетіп, құзға өрмелеу шеберлері арасында жарыс жасады. Одан кейін Ақтауда бокс пен дзюдодан шеберлік сағаттары мен Нұр-Сұлтанда көше спорттары бойынша жарыстар өтті. Осылай-осылай елімізде олимпиадалық спорт түрлерін кеңінен насихатталды.

Достар, мереке құтты болсын! Жеңісті күндерде жолығайық!

Бөлісу: