Көркем гимнастикадан «Жұлдыз-2012» халықаралық турнирі

01.06.2013

Астанада Балаларды қорғау күніне орайластырылған көркем гимнастикадан бірінші халықаралық «Жұлдыз-2012» турнирі басталды.

Кейбір қатысушылар үшін бұл балалар мен жасөспірімдер турнирі өмірлерінде бірінші болып табылады. Турнирде 3 пен 13 жас аралығындағы гимнастшылар өнер көрсетуде. Израиль, Беларусь, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Словакия және Қазақстаннан келген 500 жас спортшы жеке бағдарламалар мен топтық жаттығуларда жүлделі орындарды сарапқа салды. Көркем гимнастика жас қазақстандық әйелдер арасында танымал. Жақында ғана Астанада құрылған «Жұлдыз» гимнастика мектебінің жетістіктері соның дәлелі. Біздің прима Әлия Юсупованы жетістікке жетелеген Екатерина Панченко мұнда жаттықтырушы болып жұмыс істейді.

Әлия ЮСУПОВА, ҚР КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПТЕРІ:

- Олар алаңда өте батыл өнер көрсетеді. Олар әдемі, жақсы көрінеді, бұл балалар үшін өте жақсы жарыс деп ойлаймын. Еліміздің бас бапкері ретінде осы балаларға қарап, гимнастикадан болашағымыз зор екенін көріп отырмын.

«Сарыарқа» велотрегінің баспасөз қызметі

Бөлісу: