Мүшелеріне трансплантация жасалған адамдар және диализ алатын емделушілер арасында өткен халықаралық турнир

14.06.2019

2019 жылы 10-13 маусым аралығында «Сарыарқа» велотрегі аумағында мүшелеріне трансплантация жасалған адамдар мен диализ алатын емделушілер арасында халықаралық бұқаралық дене шынықтыру және сауықтыру іс-шарасы болып өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Ресей және Польша елдерінен 100 астам адам қатысты. Спортшылар жүзу, дартс және волейболдан сайысқа түсті. Сайыстар бес жас санаты бойынша өткізілді.

Мүшелеріне трансплантация жасалған адамдар мен диализ алатын емделушілер арасында халықаралық бұқаралық дене шынықтыру және сауықтыру іс-шарасын ұйымдастыру және өткізуге белсенді көмек көрсетіп, қолдау жасағаны үшін марапаттау барысында велосипед спорты бойынша олимпиадалық даярлық орталығының директоры Байжанов Бекболат Кустутуновичке де алғыс хат табысталды.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы «Өмір тынысы» трансплантацияланған науқастардың қоғамдық ұйымы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеті, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы болды.

Қатысушыларды жеңістерімен құттықтап және жеткен жетістігімен тоқтап қалмауды, үнемі алға ұмтылып, жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз.

Аталған іс-шара 6 спорт түрі: жүзу, үстел теннисі, дартс, бадминтон, боулинг және волейбол бойынша өткізілгенін естеріңізге саламыз. Басқа ойын түрлері «Алау» спорт кешенінде өткізілді.


Бөлісу: