«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының бас жүлдегері миллион теңге алады.

14.05.2019
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы өтеді. 

Конкурстың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. 

Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолдану аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатыса алады. 

Конкурс төрт номинациядан тұрады: «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы». 
Конкурстың бас жүлдесі – 1000000 (1 миллион) теңге. 1 орын – (төрт номинация бойынша) әрқайсысына 500 000 теңге. 2 орын – (төрт номинация бойынша) әрқайсысына 350000 теңге. 3 орын – (төрт номинация бойынша) әрқайсысына 150000 теңге. 

Конкурс ережелерімен мына сілтеме арқылы өтіп https://mks.gov.kz/kaz/press-sluzhba/obyavleniya/ танысуға болады.

Бөлісу: