Жастар ойындары

23.05.2013

2013 жылдың 23 мамырында 1995-1997 жылы туылған жасөспірімдер мен әйелдер арасында велоспорттан жастар ойындары басталды. Жарыс республикалық «Сарыарқа» велотрегінің астында өтті, деп хабарлайды спорт кешенінің баспасөз қызметі.

Жарыстың басталуының екінші күні Қазақстанның облыстарынан келген спортшылар мен жаттықтырушылар таныстырылған салтанатты ашылу рәсімі өтті. Тректегі велоспорт ойындарының 6 күнінде спортшылар жекелей қуу, спринт, командалық қуу, скретч, омниум, кейрин және топтық жарыс сияқты жарыстарға қатысты.

  28 мамырда велоспорт бойынша Жастар ойындарының марапаттау рәсімі өтті. Қарағандылық спортшылар жарыстың бірнеше түрінен жеңіске жетіп, үздік шықты. Алдағы жарыстар мен жеңістер күтеміз!

Бөлісу: