Н.Назарбаев барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады!

21.03.2017

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Астаналық «Сарыарқа» велотрегіндегі концертте Елбасы қай ұлтқа тиесілі екендігімізге қарамастан, көктемнің келуін бірге қарсы алуға шақырды. Мемлекет басшысы ашық аспан, гүлденуімізді және көркеюімізді тілеп, сондай-ақ халқымыздың күші бірлікте және ынтымақтастықта екенін еске салды. Спорттық аренасының орнына – ортасында үлкен сахналы концерттік зал. Барлық сәндемені орнату үшін бірнеше күн қажет болды.Дайындыққа да сондай уақыт кетті. Осының барлығы, Наурыз -жас және ұлт айырмашылығына тәуелсіз барлығын қайта қауыштыру үшін жасалды. Велотрек залы 9 мыңнан артық көрермендерді орналастыруға арналған. Бірақ, мерекелік концертке қала тұрғындарының барлығы қалмастан келгендей әсер болды. Велотрек лық толы, және де бұл таңқаларлық емес. Ұйымдастырушылар ерекше шоу-бағдарлама дайындаған. Наурыз- кешіру және көркею мейрамы. Бір-біріне жақсылық тілеп және барлық реніштерді кешіретін кез. Мемлекет басшысы қарапайым, бірақ басты ақиқатты тағы да еске салды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Көктемгі күннің теңесуі барлық елдер үшін маңызы зор. Бізде бұл адаммен және табиғат арасындағы үйлесімділік пен жаңарумен байланысты. Бұл күні адамдар бір-біріне қонаққа барып, наурыз көжеден татып, қауышып, бұрынғы реніштерін кешіріп, бір-біріне бақыт пен қуаныш тілеп, осы мейрамды татулықпен тойлайды. Біздің елімізде тұратын барлық этностар шектеусіз наурызды тойлайды. Наурыз бізге : қайырымдылық және өзара көмек туралы мәңгілік құндылықтарды еске салып тұрады. Барша қазақстандықтарды осы жарық, біздің ортақ мейрамымызбен құттықтаймын. Сіздерге жыл бойына жететін бақыт, жақсылық, қуаныш және көктемгі көңіл-күй тілеймін.

Ұлтқа да, дінге де бөлінбейтін мейрамның тарихы мыңдаған жылдар бұрын басталды.Бүгінде Наурыз достық, ынтымақтастық және тұрақтылық символы болып табылады. Президент бұл жылғы тойлау еліміз үшін маңызды екендігін атап өтті. Қазақстан экономикалық және саяси жаңаруларды бастады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

  • Бұл жылы біз Наурыз мейрамын ерекше көңіл-күймен тойлап отырмыз. Қазақстан жаңартуды бастады, мен үшінші жаңғырту бағдарламасы туралы, еліміздің саяси және экономикалық жаңаруы туралы жарияладым. Біз, мемлекет басқаруды жақсартатын, оны тұрақтырақ, болашаққа көз тігетін, сондай-ақ біздің тәуелсіздігіміздің, біздің бірлігіміздің және келісіміміздің кепілін нығайтатын Қазақстан Конституциясына маңызды өзгерістерді енгіздік, бұл болашаққа сеніммен қарап, әлемнің заманауи даму сынына жауап беруге мүмкіндік береді.

Бізде – әр үйде, әр отбасыда, әр шаңырақта молшылық, тұрақтылық болсын, әр адамда отаны үшін, өзі үшін еңбек етуге мүмкіндік болсын деген – бір мақсат. Өз балаларын тәрбиелеуге және әр жаңа күнді қуанышпен қарсы алуға мүмкіндігі болсын.Бұл тек қана еңбектің арқасында болады.Еңбек мемлекетпен қамтамасыздандырылады.

БЛИЦ:

-Әз Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге барлық жақсылықты тілеймін, еліміз гүлдене берсін, аспанымыз ашық болсын! Наурыз құтты болсын!- Барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Барлығыңызға зор денсаулық, бейбітшілік, бақыт тілеймін! – Осы келе жатқан мейраммен барлығыңызды құттықтаймын және баршаңызға осы жаңа жолда сәттілікке қол жеткізсін, қиыншылықтардың барлығы артта қалсын деп тілеймін! Тек қана алға!

Бұл күні ауа райы да тапсырыс беріп қойғандай.Күннің алғашқы нұрлары – нағыз Наурыздың келу символы. Концерттен кейін Президент классикалық костюмін ұлттық шапанға ауыстырып, этно- ауылға барды.Нұрсұлтан Назарбаев ресми ашылудан бірер сағат бұрын, басты дайындық қызып жатқанда келді. Этно-ауыл аумағында ақ қанатты киіз үйлері тұрғызылды, шығыс базары ұйымдастырылды, алтыбақан әткеншектері орнатылды. Бір сөзбен айтқанда, барлығы мерекелік отбасылық демалысқа дайындалды. Жан-жақтан әсем әуен естіліп, ал қонақтарды және астаналық тұрғындарды бауырсақтардан және наурыз көжеден дәм таттырды.

Захида Зулпикарова, ұйғыр этно- мәдени орталығының өкілі:

-Біздің дайындығымыз жарты сағат жүргізілді, себебі біз үнемі дайынбыз. Біз қонақжай халықпыз. Қазақстанда көптеген ұлттар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, сондықтан біздің тағамымыз тек қана шығыс емес, сонымен қатар азиаттық та, бізде көже де, бауырсақ та, печенье де, тәттілер де бар.Біз көп ұлтты елде тұратындықтан, дастарханымыз бай болу керек деп шештік.Сондықтан, Наурыз мерекесінде әр қазақстандыққа осындай дастархан барлығында болсын деп тілеймін.Баршаңызға денсаулық, әр үйге бақыт тілеймін, Наурыз құтты болсын!

Әртүрлі этностар, бірақ ұқсас салт-дәстүрлер, ал бастысы бір тағдыр- гүлденген мемлекетті құру. Дәл осылай қазақстандықтар көктемгі күннің теңелуін қарсы алады.

Авторлары: Елена Шрайбер, Жандос Битабаров, Хасен Омаркулов, Алмас Омаргалиев, ҚР Президенті теле-радио кешенінің қолдауымен, Астана.
 www.24.kz

Бөлісу: