Н.Назарбаев мерзімінен бұрын сайлауға Қ.Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

23.04.2019

Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өткен болатын. Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев мерзімінен бұрын Қазақстан Президентін сайлауға қатысуға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

Баршамызға мәлім, 30 жыл ішінде биік белестерді бағындырған еліміздің әлем елдері арасында абырой-беделі артты. Себебі, тәуелсіздік алғалы бері еліміз тұрақтылықтың үлгісі бола білді. Бейбітшілік пен тыныштығы, бірлігі мен тұтастығы орнаған мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы жетістіктері де бір төбе. Мұның барлығы да тәуелсіздігімізді тұғырлы етудегі тұңғыш Елбасының сындарлы саясатының арқасы деп білеміз.

Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарихында Сенат спикері, дипломат ретінде елдің саясаты мен экономикасына елеулі еңбек, сүбелі үлес қосқандығын тілге тиек етті.

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК ұжымы Елбасы ұсынған Қасым-Жомарт Кемелұлы кандидатурасын бірауыздан қолдайтынын білдіреді.



Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі 

Бөлісу: