Мұз айдынында мәнерлеп сырғанаушылардың жаңа жылдық көрсетілімі өтті

24.12.2018

Бүгін «Сарыарқа» республикалық велотрегінің мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан балалардың жаңа жылдық көрсетілімі өтті.

Аталмыш шара салауатты өмір салтын насихаттауға, өскелең ұрпақ арасында мәнерлеп сырғанауды дамытуға және спорттық шеберлік деңгейін арттыруға, дарынды балаларды анықтауға, достық қарым-қатынасты нығайтуға септеседі.

Жаңа жылдық көрсетілімге біздің орталықтағы мәнерлеп сырғанау секциясының 4-тен 12 жасқа дейінгі 40-тан астам бүлдіршіні қатысты. Шара барысында жас фигуристер классикалық және заманауи музыка арқылы өздерінің дене дайындығын, жылдамдығын, зейінің, күш пен ептілігін көрсетті, жыл бойы алған дағдыларын ортаға салды. Ахметова Малика халық әншісі Роза Рымбаеваның «Гүлдене бер, менің жерім!» әнін орындаса, Нұрсейіт Алтынарай сазсырнай аспабында ойнады.

Орталықтың барлық тәрбиеленушілеріне грамоталар мен жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: